Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Гонконг кеденiшілері құны шамамен 30 миллион доллар болатын есірткі заттарын тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде.  Соңғы екі аптада Гонконг кеденшілері 20 жыл ішіндегі әртүрлі есірткі заттарының ең ірі үш партиясын тәркіледі, олардың жалпы құны 230 миллион гонконг долларынан ($29,6 млн) асады. Олар импортталған тамақ өнімдерінің арасында жасырылған, деп кеден өкілі Ли Камвиннің баспасөз конференциясында жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

«Біз коронавирустық пандемия аясында есірткі синдикаттарының тәуекелге бел буып, бір уақытта есірткінің ірі партияларын өткізуге тырысып жатқанын көріп отырмыз. Сонымен қатар, контрабандалық әдістер жетілдірілген», — деді ол.

Мысалы, Мексикадан жөнелтілген авокадо майының бөтелкелерінен тәртіп сақшылары 10 миллион долларға бағаланатын сұйық метамфетамин тапты.

Сонымен қатар, теңіз контейнер портында кеден қызметкерлері жедел дайындалатын   кеспе қораптарында жасырылған 61 кг героинді анықтады. Сондай-ақ, қала қоймаларының бірінен дұрыс тамақтануға арналған түрлі өнімдердің қатарынан 72 кг кокаин тәркіленді.

Бұл іс бойынша бес адам ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *