Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері Түркістан облысында заңсыз айналымнан бес тоннадан астам есірткі заты алынды

ТҮРКІСТАН, 01 тамыз. Түркістан облысында жыл басынан бері 262 есірткі қылмысының дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен есірткі қылмыстарының алдын алу мен болдырмау, есірткіге байланысты қылмыстарды дер кезінде ашу жұмыстары күнделікті атқарылып, арнайы рейдтер жиі ұйымдастырылуда.

Соның нәтижесінде 2021 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін есірткінің заңсыз айналымына қатысты жалпы 262 есірткі қылмысының дерегі анықталды. Яғни 138 қылмыс пен 124 теріс қылық. Оның ішінде есірткі сату қылмысы – 42, аса ірі көлемде есірткі затын сақтау – 12, есірткі контрабандасы – 20, есірткі затын насихаттау және жарнамалау екеу, есірткі өсімдігін егудің – 60, улы заттардың заңсыз айналымы екі дерегі тіркелді.

Сонымен қатар заңсыз айналымнан алынған есірткі көрсеткіші де нәтижелі. Яғни атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде заңсыз айналымнан бес тонна 91 келі есірткі заты алынды.

Мәселен, алынған есірткі заттарын жіктеп айтар болсақ: 5 тн 85 келі марихуана, 526 гр гашиш, 68 гр героин, 18,14 гр синтетикалық есірткі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *