Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғаныстан Қорғаныс министрінің үйінің алдында бомба жарылды

НҰР-СҰЛТАН, 04 тамыз.  Ауғанстан Қорғаныс министрі Бисмиллах Мұхаммединің Кабулдағы үйінің алдында бомба жарылды. Кеше кешке болған оқиғада 8 адам қаза тапты. 20 адам жарақат алды, деп TRT хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мирвеис Станикзей Ауғанстан Қорғаныс министрінің үйінің алдында бір шабуылдаушының бомба тиелген көлікті жарғанын білдірді. Артынан төрт шабуылдаушы бір үйге кіріп, оқ жаудыра бастаған.

Түн ортасында шабуылдаушылар залалсыздандырылды. Министр мен отбасына зиян келмеді.

Бірақ оқиға барысында 8 адам қаза тапты. 20 кісі жараланды. Төңіректегі ондаған үйдегі азаматтар эвакуацияланды. Шабуылды әлі ешкім өз мойнына алмады.

Шабуыл жасалған мезетте министрдің үйінде басқа қалалардан келген лауазым иелері болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *