Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарасора-2021:Қызылорда облысында есірткі еккен екі тұрғыз ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА,  07 тамыз. Есірткі еккен Қызылорда облысының тұрғындары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 5 тамыз күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Арал ауданында жергілікті екі тұрғынның өз үйлерінің бақшаларына сора өсімдігін еккендігі анықталды.

Жедел-тергеу тобымен жүргізілген іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде сол ауданның 39-47 жастағы тұрғындары ұсталды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (Ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *