НҰР-СҰЛТАН, 09 тамыз. Нигермен шекаралас Малидің үш ауылында кем дегенде 51 адам исламшылдардың қолынан қаза тапты. Бұл туралы дүйсенбіде Reuters агенттігі шабуыл жасалған аймақ әкімшілігі дайындаған құжаттарға сілтеме жасап хабарлады .
Агенттіктің мәліметінше, шабуыл 8 тамыз күні кешке бір мезгілде үш ауылға жасалған. Өз кезегінде Франс Пресс агенттігі (AFP) әскерилерге сілтеме жасай отырып, бұл Кару, Уатагуна және Даутегеф ауылдары екенін хабарлады.
Малидің шабуыл болған аймағында «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстанда тыйым салынған) құрылымы болып табылатын «Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті» мен «Ансар ул-Ислам» содырлары әрекет етеді.