НҰР-СҰЛТАН, 09 тамыз.Ауғанстанның Пактия провинциясына жасалған бомбалы шабуылда 12 бейбіт адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Пактия Полиция дирекциясынан жасалған мәлімдемеде, провинцияның Сейіт Керем ауданына қарасты Чину ауылында жолда орналастырылған бомбаның бейбіт тұрғындар мінген көлік аймақтан өтіп бара жатқанда жарылғаны хабарланды.
Шабуылда араларында балалар бар 12 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 2 бейбіт тұрғынның жараланғаны білдірілді.
Полиция дирекциясы шабуылмен байланысты Талибанды айыптады. Қазірше шабуылды ешкім мойындамады.