Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәліптер Ауғанстанның 65 пайызын бақылауға алды

НҰР-СҰЛТАН, 11  тамыз. «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары Ауғанстан аумағының 65 пайызын бақылауға алды, деп ӨзА хабарлайды.

Еуропалық Одақ өкілінің айтуынша, қазір Талибан елдің 65 пайызын басқаруда. «Батыс әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы ауған қарулы күштерінің мүмкіндіктерін айтарлықтай шектеді», деген Reuters хабарында.

Оның айтуынша, 75 мыңға жуық арнайы жасақ әскері Талибанға қарсы тұруға міндеттелген. Ауған армиясындағы әскер саны 180 мыңнан асады.

Еуроодақ өкілі АҚШ пен НАТО күштерінің шығарылуы Ауғанстанның ұлттық қорғанысы мен қауіпсіздік күштерінің моральдық жағдайына нұқсан келтіргенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, елдің әуе күштері логистикалық мәселелерге байланысты арнайы күштердің операцияларын жиі қолдамайды.

Дереккөздің хабарлауынша, «Талибан» қозғалысы Ауғанстандағы Джузджан, Сарипул, Кундуз, Нимроз, Тохар және Саманган провинцияларын бақылауға алған.

БҰҰ-ның ақпаратына сүйенсек, соңғы бір айда тәлібтердің шабуылынан Ауғанстанның 1 мыңнан астам бейбіт халқы қаза тапқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *