Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз.Ауғанстанның оңтүстігі мен батысындағы Багдис, Гур және Гелманд уәлаяттарының орталығы Талибанның қолына өтті, деп TRT хабарлайды. 

Багдис Қалалық кеңес төрағасы Абдул Азиз Бек Талибанның Багдистің орталығы Кале Нав қаласына шабуылдарын кеше таңға дейін арттырғанын айтты. Шабуыл нәтижесінде бүгін таңертең ертемен қала орталығы Талибанның бақылауына өтті. Қауіпсіздік күштері қала маңындағы әскери базаны паналады.

Бек тек бір әскери лагерь тысында қаланың толығымен Талибанның бақылауында екенін білдірді.

Гур депутаты Фатима Кохистани Талибан мүшелерінің Гул уәлаяты орталығы Фируз Кох қаласына шабуыл жасағанын айтты.  Ол қала орталығының таңда Талибанға өткенін, қауіпсіздік күштерінің кері шегінгенін білдірді.

Ауғанстанның стратегиялық маңыздағы ең ірі қаласы, Гелманд уәлаятының орталығы Лешкергах та Талибанға берілді. Гелманд депутаты Мирвеис Хадым Талибанның осы қаланы алу үшін 20 күн бұрын шабуыл бастағанын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *