НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Үстіміздегі жылғы 13 тамызда ҰҚК жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып табылады.
Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді.