НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз.БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Ауғанстандағы Талибан өкілдеріне үндеу жасады, деп TRT хабарлайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерреш Талибанды шабуылды тез арада тоқтатып, Ауғанстан мен оның халқының мүддесі үшін келіссөздер бастауға шақырды.
Бас хатшы Гутерреш «Ауғанстандағы жағдай бақылаудан шығып барады» деді.
БҰҰ басшысы шиеленістің барлық тарапына олардың міндеті-бейбіт тұрғындарды қорғау екендігін еске салып, «соғыс әрекеттері салдарынан тұрғындар жапа шегіп жатыр» деген сөздер қолданды.