НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз. Сенбі күні Грузия Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Беларусь Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бірқатар мәселелер бойынша бірлескен жұмысты талап ететін екі ведомство арасындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді, деп жазады Sputnik Грузия.
Келісімге 2016 жылдың 25 наурызында қол қойылды.
Келісімнің мәтініне сәйкес тараптар бір-бірінің мүдделерін ескере отырып және өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес халықаралық қауіпсіздіктің бірқатар мәселелері бойынша ынтымақтасатын болады.
Атап айтқанда, ведомстволардың ынтымақтастығы мемлекеттердің конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы қылмыстар, халықаралық қылмыс, терроризм және кибертерроризм, қарудың, радиоактивті заттардың немесе есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар, құпия ақпаратты жария ету және т.б. мәселелер бойынша ақпарат алмасуда және жәрдем көрсетуде көрініс табатын болады.
Бұдан басқа, тараптар жазбаша сұрау салу негізінде бір-бірінің ақпарат базасына қол жеткізе алады.
Сондай -ақ, қауіпсіздік қызметтері өз өкілдерін келісімшарт еліне кеңес алу үшін жібере алады.