ПЕТРОПАВЛ, 18 тамыз. СҚО-да полицейлермен жыл басынан 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері облыс орталығының 22 жастағы тұрғынынан ірі көлемде синтетикалық есірткі алды. Ер адамның айтуынша, есірткі затын Telegram мобильді қосымшасы арқылы өзі пайдалану үшін сатып алған.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісіне Петропавл қаласының 22 жастағы тұрғынының есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінің “таратушысы” болып табылуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында бұл ақпарат расталды. Жігіт анықталып, Крылов көшесі бойындағы үйлердің бірінен ұсталды.Ұсталған кезінде ол есірткілік масаң күйде болған. Орамалар, зип-лок пакеттер, пластикалық ыдыстар, таразы, өлшеу қасықтары, бастысы қызғылт және сарғылт түсті зат – барлығы алынып, сараптамаға жіберілді. Алынған заттың жалпы салмағы 20 грамдай.
Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, ұнтақ тәріздес зат жалпы салмағы 3,53 грамм синтетикалық психостимулятор және жалпы салмағы 5,52 грамм меткатиноном болып табылады, бұл синтетикалық есірткінің аса ірі көлеміне жатады.
Ұсталған азамат аталған затты өзі қолдану үшін алғанын, тарату мақсатын көздемедім деп түсіндірді. Үш айға созылған сотқа дейінгі тергеуден соң, Петропавл қалалық сотының үкімімен ер адам ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлімі бойынша (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Полицейлер жеке тұтыну үшін есiрткiні аса ірі көлемде заңсыз сатып алғаны, сақтағаны үшін ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлімі бойынша жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қылмыстық жазасы қарастырылатынын еске салады.
Жыл басынан СҚО ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлерімен 125 есірткі құқық бұзушылығы анықталған. Оның 32 фактісі өткізу. Заңсыз айналымнан 286 келі астам түрлі есірткі заттары алынды, оның 275 келі астамы марихуана және төрт келі астамы синтетикалық есірткі.