НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. Малидің Мопти аймағында бомбалы лаңкестік болды. Лаңкестікте он бір әскер қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Әскерлерді тасыған конвойды Мопти аймағында Бони деген жерде бомба тиелген көлік нысанаға алған. Лаңкестікте он бір әскер қаза тапты. Он әскер жарақат алды.
Сахель аймағында «үш ел шекарасы» деп аталған Буркино Фасо, Мали және Нигер соңғы жылдары Әл Кайдаға қарасты ДАИШ-тің шабуылдарына ұшырап отыр.
Малиде 2013 жылы орналасқан шетелдік әскери миссияға қарамастан террорлық лаңкестіктер жиі болып тұрады.