АҚТАУ, 27 тамыз. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сегіз мемлекетінің аумағында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «Каспий-Антитеррор-2021» бірлескен антитеррористік оқу-жатығуын іске асыру басталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Іс-шараның мақсаты ведомствоаралық және мемлекетаралық өзара іс-қимылды пысықтау, сондай-ақ Достастық елдерінің құзыретті органдарын теңіз инфрақұрылымы мен мұнай-газ саласы объектілерінде террористік актілердің жолын кесу бойынша практикалық іс-қимылға дайындау болып табылады.
Оқу-жаттығудың күштік кезеңі теңіз көлігі объектілерінде террористік актілер қаупін бейтараптандырудың практикалық дағдыларын пысықтаумен Маңғыстау облысы Ақтау қ. теңіз портының аумағы мен су айлағында өтеді.
Оқу-жаттығуда жарылыстарды елестету мен оқсыз ату жүзеге асырылады, осыған байланысты азаматтардан жүргізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды сұраймыз.