НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз. Нигерияның Нигер уәлаятына қарасты Тегина аймағындағы Салиху Танко медресесінде 30 мамыр күні алып қашырылған 136 шәкірттің 70-тен астамы еркін жіберілді, деп TRT хабарлайды.
Қарулы кісілер медресеге басып кіріп, шабуылда бір кісі қаза тапқан еді. Сол кезде алып қашырылған шәкірттердің 11-і жүре алмайтындай кішкене болғандықтан еркін жіберілген болатын. Шәкірттердің 15-і қарулы кісілердің қолынан қашып кетті. Ал алты бала денсаулықтарына байланысты қайтыс болды.
Қарулы адамдар медресе басшысына телефон шалып, 136 шәкірттің еркін жіберілуі үшін 110 миллион Нигерия ақша бірлігін сұраған еді. Үкімет болса балаларды босату үшін ақша төлемейтінін білдірген болатын.
Нигерия мемлекет басшысы Мухаммед Бухари алып қашырылған балалардың дереу босатылуын талап еткен еді.