Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбылдық полицейлер жергілікті тұрғыннан 1 тоннадай есірткі затын тәркіледі

ТАРАЗ, 29 тамыз. Жамбылдық полицейлер тұрғыннан 1 тоннадай есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР Ұлттық ұланының № 5517 әскери бөлімімен бірлесіп, “Қарасора-2021” республикалық арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жедел ақпаратты жүзеге асырып, Жамбыл облысы Байзақ ауданының 49 жастағы тұрғынын ұстады.

Шу ауданының Тасөткел ауылынан 3 шақырым жердегі құмға жақын маңдағы аймақты тексеру барысында есірткі заттарын дайындаумен айналысқан жоғарыда аталған азаматтан жалпы салмағы 928 келі “каннабис өсімдігі” есірткі заты табылып, тәркіленді, сондай-ақ ұсталған азаматты жеке тінту кезінде жалпы салмағы 0,320 гр “каннабис шайыры” есірткі заты тәркіленді.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі адам мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

– Сонымен қатар жылдың басынан бері Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысының аумағында 2 тонна 23 келі түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі бастығының міндетін атқарушы Бегман Құтмырзаев айтты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *