Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Хизб-ут — Тахрир» ұйымының Қазақстанда пайда болу тарихы

НҰР-СҰЛТАН, 01 қыркүйек. Қазақстанда экстремистік ұйым ретінде тыйым салынған Хизб-ут-Тахрир «Әл-ислами» партиясының алғашқы эмиссарлары еліміздің  оңтүстік өңірінде 1998 жылы пайда болды. Бастапқы кезеңде партия мүшелері жасырын жерде жиналып, өз қатарына жаңа мүшелерді тартты. Кейін эмиссарларының тапсырмасымен аймақтарда осындай құрылымдарды құра бастады.

«Хизб-ут-Тахир» партиясының утопиялық саяси мақсаты – мұсылмандар арасында алауыздық тудыру, мемлекеттік билік жүйесін құлату, ел тарихын мойындамау, ұлттық әдет-ғұрыпты бидғат санау, Конституцияға және заңдық нормаларды мойынсұнбау. Сонымен қатар, олар мәзһабты мойындамайды және тағдырға сенбейді.

2004 жылы Хизб-ут-Тахрирдың Ата Заңымызға қарсы мазмұнда парақшалары мен баспа өнімдерін таратқан 180-нен астам факті тіркелген. «Хизб-ут-Тахрир» партиясына қатысты құқық қорғау органдары 111 қылмыстық іс қозғаған.

Бұл партияның іс-әрекеті экстремистік сипатта екендігі айқындалып, 2005 жылы Астана қаласының соты «Хизб-ут-Тахир» қызметіне тыйым салды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы партияға қатысты және оның үгіт-насихаттық әдебиеті (кітапшалар, парақшалар) исламдық ілімге қайшы болуы себепті пайдаланылмасын деп пәтуа шығарған.

Дереккөз: Кazislam.kz 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *