Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Талибан Панджшер провинциясына толық бақылау орнатты

НҰР-СҰЛТАН, 06 қыркүйек. Талибанның мәлімдемешісі Забихулла Муджахид Панджшер уалаяты бақылауға алынғаннан кейін аймақта тұрмыстың қалыпты жағдайға келгенін айтты, деп TRT хабарлайды. 

Ол Кабулдағы баспасөз мәслихатында «Панджшер бақылауға алынғаннан кейін елде соғыс ресми түрде аяқталды.  Панджшер халқы басқа да Ауғанстан азаматтарымен тең құқықтарға ие. Ешқандай жікшілдік болмайды» деді.

Муджахид қақтығыс кезінде аймақта ешбір мүлікке зиян тигізілмегенін, басшылардың аймақ халқы арасынан сайланатынын білдірді.

Ол бірнеше күннен бері аймаққа азық-түлік келмегенін айтып, енді Панджшерде тұрмыстың қалыпқа енгенін хабарлады.

Ол үкімет жарияланатын күн туралы нақты айтпады. «Ел мен халықтың проблемаларына жауап беретін Ислами атазаң болады» деді.

Муджахид «Уақытша үкімет болуы мүмкін. Осылайша оның өзгерту және істерін жақсарту мүмкіндігіміз болады.  Қазірге сайлау болмайды. Келесі үкімет алдағы уақытта процесс қалай болатынына шешім береді» деді.

Кабулдағы әуежайда жұмыстың жалғасып жатқанын айтқан Муджахид «Катар, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінен техникалық мамандар Кабул әуежайын қайта қолдануға дайындап жатыр. Америка Құрама Штаттары кетпей тұрып әуежайын қиратып кетті.  Бұл да басқыншылардың ауған халқына дұшпандығын көрсетеді» деді.

Ол әртүрлі елден гуманитарлық көмектің келіп жатқанын айтты.

Қытаймен қатынастарға да тоқталған мәлімдемеші: «Қытаймен қатынастарымыз жақсы.  Қытайдың ауғандармен жұмыс істеуін қалаймыз. Ауғанстанның дамуында Қытайдың көмегіне мұқтаждық бар.  Ауған үкіметін мойындауын күтеміз» деді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *