НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Колумбияда билік әскері 2 жарым тоннадан астам кокаин тәркіледі, деп Хабар 24 хабарлайды.
Әскери әуе күштерімен бірлесіп жүргізілген операция кезінде 5 адам қамауға алынған. Күдікке ілінген кеме арнайы рейд кезінде көзге түсті. Есірткі заттары Орталық Американың басқа елдеріне жіберілмек болған.
Мамандар тәркіленген кокаинның құны қара базарда 80 миллион доллардан асады дейді.