НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек. Франция президенті Эммануэль Макрон француз қарулы күштері ДАИШ («Ислам мемлекеті» — Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) құрылымына кіретін «Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті» жетекшісінің көзін жойғанын мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Макрон «Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті» тобы басшысының көзі жойылғанын Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Француз әскерлері «Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының басшысы Аднан Абу Валид әл-Сахрауидің көзін жойды. Бұл — Сахельдегі террористік топтарға қарсы күресімізде болған тағы бір үлкен жетістік», — деп жазды Франция президенті.