НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек. Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында бомба тиелген көліктің жарылуы салдарынан 7 бейбіт тұрғын жарақат алды,деп TRT хабарлайды.
«Евфрат қалқаны» операциясымен террордан тазартылған Баб ауданының Земзем аумағында бір көлікке орналастырылған бомба жарылды.
Террор шабуылында 7 адам жараланды.
Жараланғандар ауруханаға жеткізілгенде, өрт сөндірушілер жарылыстан кейін шыққан өртті сөндірді.
Оқиға орнында тергеу жүргізген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың террор ұйымы КЖП (YPG/PKK) тарапынан ұйымдастырылғанын болжауда.