Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейдің әскери ұшақтары Сирияның солтүстігінде содырларға шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек. Сенбі күні Ресейдің әскери ұшақтары Сирияның солтүстігіндегі Алеппо провинциясының солтүстік ауылдық жерлерінде Түркия қолдаған содырларға бірнеше соққы жасады. Бұл туралы «Сириядағы адам құқықтарының сақталуын бақылау орталығына» сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

Ұлыбританияда орналасқан ұйым өз веб-сайтында «Ресей ұшақтары Алеппоның солтүстігіндегі Африн қаласының оңтүстік-батысындағы Басофан аймағында түрік қолдауындағы топтарға үш әуе шабуылын жасады» деп хабарлады.

Ресейлік әскери ұшақтар сонымен бірге Идлиб және Хама провинцияларындағы содырлардың позицияларына шабуыл жасады,деп, құрбандар туралы ақпарат берместен, хабарлады ұйым.

2018 жылдан бері Түркияның Сирияның солтүстігіндегі күрд содырларына қарсы науқанының аясында түрік әскерлері мен түрік қолдаған көтерілісшілер Алеппо қаласының солтүстігіндегі бірнеше ауданды бақылауға алды.

Сирия үкіметі күрд содырларын сепаратистер ретінде қарастырады, бірақ сонымен бірге түрік әскерлерінің әрекеті шетелдік басқыншылық деп санайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *