Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ердоған: АҚШ террористік ұйымдарды қолдауды тоқтатуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек. Президент Режеп Тайып Ердоған террор ұйымдарына қару-жарақ қолдауы берілмеу керектігін атап, «АҚШ НАТО елі болып табылады. Біз НАТО еліміз. НАТО-да ынтымақтастық қажет кезде террор ұйымдары мұндай қолдау алмау керек» деді, Бұл туралы TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. 

Президент Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 76-шы Бас Ассамблеясына қатысу үшін барған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында CBS телеарнасында жарияланатын «Face the Nation» бағдарламасының жүргізушісі Маргарет Бреннанның сұрақтарына жауап қайтарды.

АҚШ-тың террор ұйымдарына берген қолдауына наразылық көрсеткен Ердоған «Алдымен КЖП (PKK/YPG/PYD) террор ұйымдарына мұндай қару-жарақ қолдауын тоқтату керек» деді.

«АҚШ-тың ДАИШ-ке қарсы күресінде одақтас ретінде қабылдаған топтарға қамтамасыз еткен қару-жарақтың Түркияға қарсы қолданылғаны жөнінде дәлелдер бар ма? АҚШ-тың қолдауы себепті сізге төніп тұрған қауіп бар ма?» деген сұраққа қайтарған жауабында Ердоған «Мұны АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп кезінде өзіне де айттым. Қазір де жүк машиналарымен қару-жарақ, оқ-дәрілер және т.б. аймаққа (Сирия, Ирак) келуде. Біз бұлардың барлығын барлау ұйымы арқылы білдірдік, бұдан кейін де білдіреміз. Әрине бұдан кейінгі процесті де қадағалайтын боламыз» деді.

Президент Ердоған «Бұларды АҚШ Президенті Джо Байденге де жеткіздіңіз бе?” деген сұраққа «Осылардың барлығын қажетті мекемелерге жеткіздік. Барлау ұйымы басшымыз тиісті жерлерге жеткізді. Бұдан кейін де жеткіземіз, кейбір шындықтар бар. АҚШ НАТО елі болып табылады. Біз НАТО еліміз. НАТО-да ынтымақтастық қажет кезде террор ұйымдары мұндай қолдау алмау керек” деді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *