НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек. Нижний Новгородта үш сауда орталығын миналау туралы хабар жалған болып шықты, деп Төтенше жағдайлар министрлігі аймақтық бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «АиФ-Нижний Новгород» хабарлады.
«Тексеру 22.30-да аяқталды. Үш сауда орталығының ғимараттарында жарылғыш құрылғылар табылған жоқ», — деді басқармада.
«Фантастика», «Небо» және «РИО» сауда орталықтарын миналау туралы хабарлар 26 қыркүйек күні кешке келіп түскен. Құтқарушылар мен құқық қорғау органдары шұғыл түрде нысандарға барды. «Фантастика» мен «Небо» СО-ның келушілері мен қызметкерлері эвакуацияланды — барлығы 2600 адам. «РИО» сауда орталығында эвакуация жүргізілмеген.