Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ФҚҚБ ғимаратындағы шабуылды мақұлдағаны үшін Архангельск тұрғынына айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН, 01 қазан. Екінші Батыс аудандық әскери соты 49 жастағы Архангельск тұрғынына 2018 жылдың 31 қазанында Архангельск ФҚҚБ  ғимаратында теракт жасаған террорист Михаил Жлобицкийдің әрекетін ақтағаны үшін айыппұл салды. Бұл туралы Архангельский облысы бойынша Ресей ФҚҚАБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

 «Архангельск қаласының тұрғыны террорист Жлобицкийдің әрекетін мақұлдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2 –бабының 2-бөлігінде  («Интернет желісін пайдалану арқылы терроризмді жария түрде ақтау») көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған 49 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты Екінші Батыс аудандық әскери сотының үкімі заңды күшіне енді», — делінген хабарламада.

Тергеу мен сот айыпталушының «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде 2018 жылдың 31 қазанында Архангельск қаласында жасалған террористік акті туралы жаңалыққа пікір ретінде терроризмнің идеологиясы мен практикасын дұрыс деп танығанын, қолдау мен еліктеуге мұқтаж екені туралы мәлімдегенің анықтады.

Алдын ала тергеу және сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот үкімімен оған 350 мың рубль көлемінде айыппұл салынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *