НҰР-СҰЛТАН, 03 қазан. Ауғанстанның орталық Парван провинциясында «Талибанға» тиесілі көлік жарылды, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Талибан» қозғалысының өкілі Билал Керимидің айтуынша, оқиға Парван провинциясының орталығы Чарикар қаласында болған.
Оның айтуынша, аймақтағы шабуылдан кейін шабуылдаушыларды залалсыздандыру үшін арнайы операция жүргізілген, нәтижесінде ДАИШ (ИМ*) террористік ұйымының бірнеше мүшесі өлтірілді және ұсталды.
Ол жарылыс кезінде және одан кейінгі қақтығыстарда бірнеше тәліптердің жараланғанын қоса айтты.
«Талибан» қозғалысы Ауғанстан аумағын бақылауға алғаннан кейін ДАИШ бұл елде террористік әрекеттерін күшейтті .
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым