НҰР-СҰЛТАН, 05 қазан. Мәскеуде «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымының террористік тобы жойылды, сегіз адам ұсталды, деп РФ ФҚҚ сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Мәскеу мен Мәскеу облысында «Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами» халықаралық террористік ұйымы ұяшығының қызметі тоқтатылды, екі басшы мен оның алты белсенді қатысушысы ұсталды»,-делінген хабарламада.
Қауіпсіздік қызметкерлерінің ақпараты бойынша, исламшылар «әлемдік халифат» құру, зайырлы қоғам институттарын жою және билікті күшпен құлату доктринасына негізделген «конституцияға қарсы іс-шаралар» жүргізген.
Астыртын жиындар барысында олар Мәскеу облысының тұрғындары арасында террористік идеологияны таратқан. Ұсталғандардан тыйым салынған үгіт материалдары алынды.
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда. Арнайы операцияның нақты қашан өткені көрсетілмеген.
«Ислам азат ету партиясы» («Хизб ут-Тахрир әл-Ислами»)* әлемнің бірқатар елдерінде террористік деп танылды.
Ұйымның мақсаты — «әлемдік исламдық халифат» құру арқылы мұсылман емес үкіметтерді жою және бүкіл әлемде исламдық билікті орнату. Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами * мүшелері Ресейдің әр түрлі аймақтарында, негізінен Орталық Ресейдің ірі қалаларында, Еділ бойында және Сібірде, сондай-ақ Қырымда үнемі ұсталады.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым