НҰР-СҰЛТАН, 06 қазан. Террормен күрес аясында көктем-жазғы маусым операцияларында бөлшектеуші террор ұйымы КЖП ( PKK) мүшесі 127 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.
Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу астана Анкарада «Жандармерия және жағалау қауіпсіздік акедамиясының 2021-2022 жаңа оқу жылының ашылуы рәсімінде» сөз сөйледі. Сойлу террормен күреске байланысты мәлімдеме жасады.
Террормен күресте үлкен табыстарға қол жеткізгенін және операцияларда 127 террористтің залалсыздандырылғанын түсіндірген Сойлу «Алдымызда күзгі-қысқы операциялар бар» деді.