Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысында героин сатумен айналысқан күдікті ұсталды

ТАРАЗ, 12 қазан. Жамбылдық полицейлер героин сатумен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдің 59 жастағы тұрғыны «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы мен «Рефлекс-2021» өңірлік операциясы кезінде қолға түсті. Аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын сатумен айналысқан күдіктіні Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады.

Есірткіні заңсыз сақтағаны үшін бұрын сотты болған күдіктінің тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізілген. Оның жатын бөлмесінен жалпы салмағы 234 грамм «героин» есірткі заты табылып, тәркіленді. Бұл – аса ірі мөлшерге жатады.

«ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Есірткіні өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5-10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деп атап өтті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А. Жұмабеков.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *