НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Сирияның Африн қаласында көлік жарылып, 4 адам қаза тапты, деп Хабар24 хабарлайды.
Жарылыс салдарынан 4 адам қаза тапты. Тағы 6 азамат жарақат алды. Зардап шеккендердің бәрі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Африн қаласы бүгінде түрік әскерінің бақылауында. Осыған дейін бұл өңірде болған шабуылдарға Сириядағы күрд жасақтары айыпталып келген.