Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бішкек тұрғыны алма қорабына 3 келіге жуық гашиш жасырған

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Бішкек қаласындағы дүкендердің бірінде тәртіп сақшылары алма салынған қораптан үш келіге жуық гашиш тапты, деп ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қырғызстан хабарлайды.

Елордалық дүкенінде тінтуді Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес қызметінің қызметкерлері жүргізді.

«Алма салынған қораптан 273 дана мөлшерінде сіріңке қораптарының пішініне сығымдалған, қарасораның ( гашиш ) иісі бар күңгірт жасыл түсті күдікті зат табылып, алынды . Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 3 келі болды», — делінген хабарламада.

Алдын-ала тергеу барысында есірткіні дүкен иесіне ағасы бергені анықталды. Арнайы, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде Тоқтоғұл ауданының ІІБ қызметкерлері 22 жастағы О.Н. азаматын ұстап, оны Бішкектің Ленин ауданының ІІД-не жеткізді.

Жауап алу кезінде ер адам табылған заттардың өзіне тиесілі екенін мойындады. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *