Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейде мектептегі тағы бір қырғынның алды алынды 

НҰР-СҰЛТАН, 06 қазан. Омбы қаласында әлеуметтік желілерде қала мектептерінің бірінде атыс ұйымдастырғысы келген жігіт ұсталды. Кейбір мәліметтер бойынша ол бұл әрекетке бәс үшін барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

18 жастағы Омбылық жігіт өзінің «ВКонтакте» парақшасында «манифест» жариялап, онда ол 21 қазанда №53 мектепте атыс ұйымдастыруға уәде берген.

Жас жігітті тез арада қолға түсірді. Пермьдегі қырғыннан кейін оның мәлімдемесін Омбы құқық қорғау органдары қауіпті түрде бағалаған.

Алайда Baza Telegram арнасының жазуынша, мектеп оқушысының өзі тергеушілерге оның «жаңа Колумбина» туралы уәделері жай ғана әзіл екенін мойындап – ол өзінің бұл әрекетке бәс тігу үшін барғанын айтқан.

Соған қарамастан, қолға түскен жігітке қарсы жаппай кісі өлтіруге дайындық жүргізу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өз мектебінде жарылыс жасау

Айта кету керек, өткен аптада Омбыда өз мектебін жаруды жоспарлаған лицейдің 15 жасар оқушысы ұсталған. Ол 13 жасар досымен бірге екі жарылғыш құрылғы жасаған, бірақ бомбалары сәтті шықпағандықтан олар өздерінің қанды пиғылдарын жүзеге асыруды кейінге қалдырады.

 

Бір қызығы, мектеп оқушысы өзінің ниетін әлеуметтік желілерде мамыр айында жариялаған және осы уақыт ішінде – Пермьдегі қайғылы оқиғаның салдары болғанға дейін – оның жазбасы көпшілік алаңында тұрған.

Пермьдегі атыс

Пермьдегі қайғылы оқиға 20 қыркүйек күні таңертең болды. 18 жастағы студент Тимур Бекмансуров Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде студенттерге қарсы оқ жаудырды.

Бұған дейін Тимур Бекмансуров кісі өлтіруге барар алдында өзінің ниетін әлеуметтік желілерде егжей-тегжейлі жазып, сонымен қатар қаруды қалай заңды түрде алғанын айтқан.

Оның қолына 6 адам қаза тауып, 24 адам жараланды.
Бекмануровтың өзі қолға түсер уақытта ауыр жарақат алып, дәрігерлер оның аяғын ампутациялаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *