Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өскеменде синтетикалық есірткіні «қойып» кету жолымен таратқан 29 жасар ер адам ұсталды

ӨСКЕМЕН, 11 қазан. Іш киіміне есірткі жасырған павлодарлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора-2021” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы көшелерінің бірінде психотроптық заттарды қойып кетушіні ұстады.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы ер адам ұсталды, ол жеңіл пайда табу мақсатында психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен сатумен айналысқан, яғни қала аумағында психотроптық заттарды “қойып” кету жолымен таратқан. Жеке тінту жүргізу кезінде ұсталған адамның іш киімінен көк түсті изолентамен оралған 41 түйіншек табылып, тәркіленді, оның ішінде 41 полимерлік зип-пакет болды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 23,241 грамм “α-пирролидиналерофенон” психотроптық заты болып табылады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында жатыр.

Ер адам синтетиканы тарату арнасын құру үшін Павлодар қаласынан облыс орталығына келіп, жалдамалы пәтерде тұрғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясымен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *