Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мысыр президенті: төтенше жағдай алынып тасталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан. Мысыр мемлекет басшысы Абдулфеттах әс Сиси елде төрт жылдан бері жүргізіліп келген төтенше жағдайды алып тастауға шешім қабылдады. Бұл туралы TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Сиси әлеуметтік желіде төтенше жағдайдың алынып тасталуына байланысты мәлімдеме жариялады.

«Неше жылдан кейін бірінші рет ел көлемінде төтенше жағдайды алып тастауға шешім қабылдадым.  Көп уақыт бойы күрес жүргізілген осы сәтті бірге қарсы алғанымызға қуаныштымын. Мысыр адал халқының арқасында аймақта қауіпсіздік және тұрақтылық алаңына айналды» деді ол.

Елде төтенше жағдай соңғы рет 12 шілде күні 17-ші рет үш айлығына созылған болатын.

Мысырдың Александрия және Танта қалаларында 2017 жылдың сәуір айында террорлық ұйым ДАИШ бомбалы шабуыл жасап, 45 адам қаза тапқан еді. Оқиғада 125 адам жарақат алған болатын.

Осы оқиғадан кейін мемлекет басшысы Сиси үш айға төтенше жағдай жарияланғанын білдірген еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *