НҰР-СҰЛТАН, 09 қараша. Ресей мен Қазақстан Ауғанстаннан келетін лаңкестік және есірткі қаупін жүйелі түрде бірлесіп талдайды, деп РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Біз бірге Ауғанстаннан келетін лаңкестік және есірткі қауіптерін жүйелі түрде талдаймыз. Біз осы елдің іс жүзіндегі билігімен ауғанаралық реттеу және ТМД-ның оңтүстік шекараларындағы көп қырлы сын-қатерлерді жою мүддесімен тұрақты диалог құрудамыз», — деп жазды Лавров «Российская газетада» жарияланған мақаласында.
Министр Мәскеу мен Нұр-Сұлтанның келісілген іс-қимылдары қауіпсіздіктің қажетті деңгейін, Ресей мен Қазақстанның, сондай-ақ жақын одақтастардың шекараларының мызғымастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Бұл әсіресе Оңтүстік Азиядағы, Таяу Шығыстағы және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы өзгермелі әскери-саяси жағдайда өте маңызды», — деп қосты ол.
Тамыз айының басында тәліптер Ауғанстанның үкімет күштеріне қарсы шабуылын күшейтіп, 15 тамызда Кабулға кіріп, келесі күні соғыстың аяқталғанын жариялады. Тамыздың соңғы екі аптасында АҚШ әскерилері қорғауындағы Кабул әуежайынан Батыс азаматтары мен олармен қызметтес болған ауғандықтарды жаппай эвакуациялау болды. 31 тамызға қараған түні америкалық әскерилер Ауғанстандағы 20 жылға жуық АҚШ әскерінің болуын тоқтатып, Кабул әуежайынан кетті. Қыркүйек айының басында «Талибанның»* бірінші билігі кезінде сыртқы істер министрі қызметін атқарған Мұхаммед Хасан Ахунд Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы жарияланды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұй