Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстанда екі айда экстремизм мен терроризмге қатысты қылмыстар үшін 13 адам сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Соңғы 2 айда Қазақстанда террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 13 адам сотталды, деп ҚР ТҚО сілтеме жасап, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес,  жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады.

Өкінішке орай, қазіргі жағдайда, экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстар сирек емес.

Осындай қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін түрмеге әртүрлі жастағы адамдар, оның ішінде жас жігіттер қамалады.

Ұлттық қауіпсіздік органдары тергеп-тексерген экстремистік және террористік әрекетке байланысты қылмыстық істердің нәтижелері көңіл көншітпейді.

Қылмыскерлерге қатысты жазалар ҚР Қылмыстық кодексінің түрлі баптары бойынша, атап айтқанда, терроризмді насихаттағаны және телекоммуникация желілерін пайдалана отырып діни алауыздықты қоздырғаны, экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында жалдау, терроризм актісіне дайындағаны, жарылғыш құрылғыларды дайындағаны және айналымға жібергені, жарылғыш құрылғыларды қолдана отырып терроризм актісіне оқталғаны, сондай-ақ тыйым салынған экстремистік ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін қолданылды.

Мәселен, өткен кезеңде – ағымдағы жылдың қыркүйек айынан қазан айына дейін еліміздің әртүрлі сатыдағы соттары  13  адамға қатысты 9  айыптау үкімін шығарды.

Жасалған қылмыстардың ауырлығын және оған қатысы бар адамдардың жасын атап өткен жөн.

Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып терроризмді насихаттағаны және адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен діни алауыздықты қоздырғаны үшін 7 жыл 6 айға және 8 жылға бас бостандығынан айыру Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 19 және 20 жастағы «Х», «К» және «И» жігіттері сотталды.

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты және Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық соты тыйым салынған «Хизбут Тахрир», «Мұсылман бауырлар» діни-экстремистік ұйымының қызметіне қатысқаны үшін 1998 жылы туған «А» (7 жыл бас бостандығынан айыру), 1997 жылы туған «С» (8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру) және 1997 жылы туған «Т» (8 жыл бас бостандығынан айыру) сотталды.

«Әл-Ихван әл-Муслимун» экстремистік ұйымының қызметіне қатысуды насихаттаған 26 жастағы «К»азаматы 5 жыл 6 айға сотталды.

Әртүрлі сатылардағы соттар 1993 жылы туған «Р» (9 жыл), 1993 ж.т «Д»  (6 жыл), 1992 ж.т  «Ж» (9 жыл), 1989 ж.т «М» (9 жыл), 1976 ж.т. «Т». (5 жыл)  қазақстандықтарды және 1985 ж.т. Өзбекстан азаматы «Н». (9 жыл 6 ай)  әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

Бұл қылмыстық істер терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизмнің барлық формалары мен көріністеріне жол беруге болмайтынын көрсетеді.

Алайда, мемлекеттік саясат тек жазалау шараларын қолдануды көздемейді, көбінесе мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *