НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша.Өзбекстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері шекарада елге Тәжікстан мен Ауғанстаннан 115 келіден астам гашиш, апиын және героин кіргізбек болған есірткі курьерлерін ұстады.Бұл туралы республиканың Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің баспасөз орталығына сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлайды.
Сұрхандария облысы бойынша МҚҚ басқармасының қызметкерлері облыстық кеден департаментімен бірлесіп жүргізген жедел іс-шара барысында төрт өзбек пен Тәжікстанның бір азаматын ұстады. Олар есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдады деген күдікке ілінді.
«Ұстау кезінде 67 келі 43 грамм апиын, 47 келі 913 грамм гашиш және 446 грамм героин тәркіленді», — делінген Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің хабарламасында.
Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 115,4 килограмды құрады. Улы заттар Өзбекстанға Тәжікстан мен Ауғанстаннан әкелінген, есірткінің бір бөлігі Сурхандария облысындағы таулардағы жасырын жерлерде жасырылған.
Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.