Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кельн қаласының орталық мешітін өртеу әрекетіне байланысты полиция велосипедшіні іздеуде

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша.Германияның Кельн қаласында Дін Істері Басқармасы Түрік-Ислам одағының орталығы аясындағы Кельн орталық мешітіне шабуыл жасауға талпынғандар байқалғаны білдірілді, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Кельн полициясынан жасалған мәлімдемеде Эренфельд ауданындағы мешітке бағытталған шабуылға байланысты тергеу басталғаны және аты-жөні белгісіз велосипед мінген адамның ізделгені хабарланды.

Мәлімдемеде жергілікті уақытпен түн ортасында оқиғаны байқаған қауіпсіздік қызметкерінің күдікті адаммен сөйлесуге талпынған кезде қашып кеткені, артында жанармай мен оттықты тастап кеткені білдірілді.

Оқиғаның тергеліп жатқаны білдірілген мәлімдемеде полиция оқиға болған жердегі материалдары мен қауіпсіздік көріністерін зерттеп, куәгерлерді тыңдағаны жарияланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *