НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан. Мичиган штатының Оксфорд қаласындағы орта мектепте атыс ұйымдастырған адамға кісі өлтірді және терроризм жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды РИА Новости прокуратураға сілтеме жасап.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Біз оны өлімге әкелген терроризмнің бір эпизоды мен төрт кісі өліміне кінәлаймыз», — деді ведомство өкілі брифингте.
Сонымен қатар, оқушы адам өлтіру ниетімен шабуылдың жеті эпизоды бойынша жауапқа тартылады.
Бір күн бұрын 15 жасар мектеп оқушысы мектепте қарулы шабуыл жасады. Төрт адам қаза тауып, жетеуі жараланды.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, кеше Мичиган штатының Оксфорд қаласындағы мектепте 15 жасар жасөспірім құрдастарын атып өлтірген. Сол күні өзі сабаққа қатысып үлгерген.
Полицияның мәліметінше, 5 минут ішінде 30 шақты оқ атқан және ұстау кезінде тапаншасында тағы бірнеше оқ қалған. Қару оқиғадан 4 күн бұрын сатып алған әкесіне тиесілі деп хабарланған.
Американдық баспасөз Мичигандағы оқиға бір жыл ішінде 651-ші жаппай атыс болды деп санады.