НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. Ресей ФҚҚ «Ислам мемлекеті*» халықаралық террористік ұйымына қосылған Қалмақия тұрғынын ұстады, деп ФҚҚ аймақтық департаменті хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Қалмақ Республикасы мен Ставрополь өлкесі бойынша Ресей ФҚҚ-нің басқармалары Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.5 бабы 2-бөлігіне («Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес террористік деп танылған ұйымның қызметіне қатысу») сәйкес қозғалған қылмыстық іс аясында аудио үндеу арқылы «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымына ант берген, исламдағы радикалды-экстремистік көзқарастарды ұстанушының қылмыстық әрекетінің жолын кесті», — деді ФҚҚ өкілі.
Ол ИМ жақтасының Қалмақия тұрғыны екенін, ер адам қамауға алынғанын нақтылады.
Ұсталған адам Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.5 бабының 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деп айыпталған.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым