НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. Малидің Мопти облыс орталығында содырлар жолаушылар мінген автобусқа оқ жаудырып, 31 адам қаза тапты, деп ӨзА агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Reuters-тің хабарлауынша, жолаушылар мінген автобус Сонго ауылынан Бандиагара базарына бара жатқан.
Көршілес Банкас қаласының мэрі Мулай Гуиндоның айтуынша, қарулы адамдар автобусқа оқ жаудырып, оның дөңгелектерін кесіп тастаған.
Әзірше бұл оқиғада елдегі лаңкестік топтардың қайсы бірі жасағаны белгісіз. Малиде үкімет күштері мен түрлі сепаратистік және исламшыл топтардың содырлары арасындағы қарулы қақтығыс 2012 жылдан беріге жалғасып келеді.