НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Сомалиде бір мейрамханаға жасалған жарылыстан 5 адам қаза тауып, 6 адам жараланды, деп TRT хабарлайды.
Байдоа аймағы полиция директоры Омар Мұхаммед шабуылдың оңтүстік батыс уәлаятында көп адам баратын бір мейрамханада болғанын мәлімдеді.
Мұхаммед «Мейрамханаға жасырылған бомбаның жарылуы салдарынан 5 адам қаза тапты» деді.
Шабуылда қаза тапқандардың бірінің әскер екені туралы ақпар бөліскен Мұхаммед 6 адамның жараланғанын айтты.
Шабуылдың жауапкершілігін террористік ұйым «Аш-Шабаб»-тың мойнына алғаны білдірілді.
Әл-Шабааб Сомалидегі қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындарды нысанаға алған шабуылдарды жиі жасауда.