НҰР-СҰЛТАН, 08 желтоқсан. Тәжікстандағы әскери инфрақұрылым ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің коалициялық топтарының мүддесі үшін жетілдірілетін болады, деп хабарлады ұйымның Әскери комитетінің төрағасы, РФ Қарулы күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимов. Бұл туралы Sputnik Тәжікстан агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің коалициялық топтарын өрістету мүддесінде Тәжікстан Республикасының аумағында әскери инфрақұрылым нысандарын жетілдіру бойынша одан әрі жұмыс бағыттарын белгіледік», — деді Герасимов.
ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырысын қорытындылай келе, Бас штаб бастығы «Әскери комитет отырысының мақсаттарына қол жеткізілді, ал қорытындылар ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және өңірлік тұрақтылықты қолдауға ықпал етеді» деп атап өтті.
Бұған дейін Ұйым бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков биыл ҰҚШҰ оқу-жаттығуын Орталық Азияда, оның ішінде Тәжікстанда өткізу тәжік-ауған шекарасындағы жағдайды қалыпқа келтіруге ықпал еткенін атап өтті.