НҰР-СҰЛТАН, 08 желтоқсан. Нигерияның Сокото штатында қарулы адамдар көлікке шабуыл жасады, он адам қаза тапты, деп жергілікті Punch басылымына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Газет ақпараты бойынша, шабуылдаушылар көлікке оқ жаудырған, салдарынан көлік өртеніп кеткен. Қарақшылар жолаушылар қашып кетпес үшін жанып жатқан көлікті қоршап алған.
Қарақшылар әлі де бостандықта жүр, деп жазады басылым.