Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Елімізге есірткі заттар қай елдерден жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. Нашақорлық, есірткі қылмысы қоғам үшін үлкен қауіп-қатерге айналып тұр. Онымен күрес елімізде тұрақты әрі кешенді жүргізіліп жатқанына қарамастан есірткінің синтетикалық жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты ахуал қиындай түсуде, деп ҚазАқпарат хабарлайды. 

Сонымен қатар Ауғанстанда билік басына тәліптердің келуіне байланысты да «ауған апиынының» таралу қаупі күшейген. Осыған орай Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменттің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиевтен есірткі қылмысына қарсы күрес бағытында қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанын, Қазақстанға қай елдерден есірткі жеткізілетіндігін сұрап білген едік.

«Қылмыстық есірткі айналымына қарсы күрестің тиімділігі мемлекеттің осындай күрестің арнайы іс-шараларына барабар кешендер әзірлеу және іске асыру қабілетіне байланысты. Есірткінің қылмыстық айналымына қарсы күрестің арнайы іс-шаралары: экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, ағартушылық, медициналық сипатта. Сондай-ақ республика аумағында тұрақты негізде «Дәрмек», «Қарасора», «Рефлекс-2021» алдын алу іс-шаралары жүргізіледі», — деді ол.

Басқарма бастығының дерегінше, осыжылдың басынан бері республика аумағында синтетиканың заңсыз айналымына байланысты 1 296 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 406 өткізу, 126 аса ірі мөлшерде сақтау, 118 осындай есірткі түрлерін насихаттау, 3 контрабанда фактісі және 643 қылмыстық теріс қылық тіркелді. 15 есірткі зертханасы жойылды. Заңсыз айналымнан «a-PVP», «мефидрон», «жылдамдық», «методон», «ЛСД», «амфетамин» сынды 116 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы синтетикалық есірткілердің нақты тізімі жоқ. Олар үлкен жылдамдықпен пайда болады және елде бірнеше ай белгілі болып, сосын жойылып кетеді. Шамамен «синтетика» мынадай түрлерге жіктеледі: амфетаминдер – «жылдамдық», «метамфетамин», «экстази»; опиодтар — героин, метадон; темекі қоспалары – адгезиялар; психеделика – «тұздар», LSD; ұйықтататын таблеткалар; ингаляторлар — еріткіш, желім, бензин.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің өкілі синтетикалық есірткінің ең танымал модельдеріне тоқталып өтті.

«Тұз — алғашқы дозадан тұрақты тәуелділікті тудыратын жастар арасында кең таралған есірткі. Бұл жүйке жүйесіне, жүрек және бауыр жеткіліксіздігіне, ми гипоксиясына ауыр зақым келтіреді. Спайс — химиялық заттарға малынған галлюциногенді шөптерден тұратын темекі қоспалары. Олар күтпеген әсермен ерекшеленеді. Жүйке және психикалық ауруларға әкеледі. Экстази амфетамин негізінде жасалған. Галлюцинацияны тудырады, қарым-қатынас қажеттілігін арттырады, қорқыныш сезімін азайтады. Жүйелі қабылдау кезінде жүйке жүйесі жұқарады, есірткіге төзімділік пайда болады. ЛСД — бұл әсерді күшейту үшін лизерг қышқылы мен қосымша заттарға малынған адсорбциялық қағаз. Көзге елестеушілік және ақыл-ойдың шатасуына әкеліп соқтырады. Жылдамдық. Бұл атау тез әсер ететін болғандықтан берілген. -3-6 минут ішінде нашақор әсерін сезінеді. Белсенділікті арттырады, ұйқышылдықты, тәбетті төмендетеді», — деп түсіндіреді Берікхан Нұрғалиев.

Басқарма бастығы есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында Есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері қандай іс-шараларды атқаратындығын да тарқата айтып берді.

«Ең алдымен есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы саласындағы жедел жағдайды зерделейді және талдайды. Даму үрдістерін болжауды және олардың таралуына қарсы іс-қимылды жүзеге асырады. Кешенді жоспарлау жүргізеді және белгіленген іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Екіншіден, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу саласында ІІО қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді. Үшіншіден, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кіруіне, оларды өндіруге, өткізуге және таратуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ азаматтарды медициналық емес тұтынуға тартатын адамдардың қызметін анықтайды және талдайды. Белгіленген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдарға көрсетілген себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсыныстар енгізеді. Төртіншіден, жедел-іздестіру қызметінде пайдалану үшін азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнатады. Бесіншіден, анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады», — деді ол.

Сонымне қатар ол елімізге негізінен есірткі қай елдерден елге жеткізілетіндігін тарқата айтып берді.

«Әртүрлі жолдармен келеді. Бірінші орында — Ауғанстан. АҚШ пен НАТО елдерінің әскерлері бұл елді басып алып, онда «демократия» орнатқаннан кейін Қазақстанға есірткі ағыны өсті. Шын мәнінде, қазіргі заманауи Ауғанстан — Батыс демократияландырушыларының толық қамқорлығымен героин көкнәрі плантацияларын үздіксіз өсіріп отырған ел. Қазір Ауғанстанда ортақ шекара болмағандықтан, есірткі Тәжікстан мен Қырғызстан арқылы өтеді, курьерлердің басым көпшілігі осы республикалардан. Әрі қарай Латын Америкасы — жергілікті есірткі картельдері Ресей нарығын белсенді дамытуда. Еуропадан негізінен синтетикалық препараттар келеді. 2014-17 жылдары Украина есірткі турларының ыңғайлы ауыстырып тиеу базасы болды. Бірақ соңғы жылдары есірткінің бұл түрі белсенді көбейіп, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір елдерінен келе бастады. Еліміз есірткі саудасымен белсенді күресуде, бірақ нәтижелер қарапайым. Екі нәрсе кедергі келтіреді: негізгі өндірістің шетелде орналасуы және осы қылмыстық бизнесті тек шетелде ғана емес, сонымен бірге елімізде де жасағысы келетіндердің көп болуы. Есірткі саудасы қауіпті, бірақ үлкен пайда әкеледі. Арнайы қызметтер бір топты жойғанымен, оның орнына екеуі пайда болады. Ашкөз немесе осындай жолмен пайда тапқысы келетіндер арасынан есірткі тарату үшін жаңа «қызметкерлерді» табу қиынға соқпайды», — деді басқарма бастығы.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *