Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ермекбаев діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын 2 бағытта жүргізбек

ҚазАқпарат — Дін саласындағы жұмыстарды  үйлестіру үшін Үкімет жанынан ведомствоаралық комиссия құрылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Дін саласындағы көптеген ведомстволардың жұмысын үйлестіру үшін Үкімет жанынан ведомствоаралық комиссия құрылатын болады. Осы орайда министрлік дінді теріс мақсаттарға пайдалануға ұмытылатын кез келген әрекетке жол бермеу және жолын кесу үшін барлық шараларды қабылдайтындығын атап айтқым келеді»,-  деді ол. Оның айтуынша, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары негізгі 2 бағытта, атап айтқанда жалпы профилактика және мақсатты реабилитациялау жұмыстары арқылы жүргізілетін болады. «Жалпы профилактика қоғамда діни экстремистік идеологияны жақтырмау ахуалын қалыптастыруды, дінге қызығушылық танытатын тұрғындардың сауатын көтеруді көздейтін болады.  Ал мақсатты реабилитация, яғни оңалту тәуекел топтар мен экстремистік ағымдардың идеологияларына еріп кеткен адамдарды теологиялық тұрғыдан дәстүрлі сенімге қайтару мақсатында жеке жұмыстар жүргізу арқылы іске асырылады. Бұл бағыттағы шаралар барысында Ішкі істер министрлігінің түзеу мекемелерінде, яғни колонияларда жазаларын өтеушілерге  ерекше назар аударылады», — деді Ермекбаев.     Автор: Марлан Жиембай Басты сөздер: ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Дін, Терроризм және экстремизмге қарсы күрес,

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/ermekbaev-dini-ekstremizm-men-terrorizmnin-aldyn-alu-zhumystaryn-2-bagytta-zhurgizbek_a2959021[:]

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *