НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан. Сомалидегі «Аш-Шабаб» лаңкестерінің қос жарылысы салдарынан елдегі Африка Одағы Миссиясы құрамындағы (AMISOM) төрт Бурунди әскері қаза болды. Бұл туралы аты- жөнін жасырғысы келген AMISOM өкіліне сілтеме жасап «Anadolu» агенттігі хабарлайды .
Оның айтуынша, жарылыс Орталық Шабелле провинциясындағы Махадай қаласының ауданында болған.
Бір күн бұрын Сомалидің Джоухар қаласында лаңкестер ұйымдастырған жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 5 адам жараланған болатын.
«Аш-Шабаб» лаңкестері Шығыс Африка елінде қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындарға жиі шабуыл жасайды.
Африка Одағының Сомалидегі миссиясы құрамында континеттің әртүрлі елдерінен 20 000-ға жуық әскер бар. Мандат БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен жыл сайын жаңартылады.