НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Пентагонның хабарлауынша, соңғы бір жылда 100-ге жуық АҚШ әскери қызметкері экстремистік әрекетке қатысқан. Мұндай ақпарат дүйсенбіде жарияланған экстремизмге қарсы ішкі күреске арналған мекеме құжатында бар, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Қорғаныс министрлігі соңғы бір жылда тыйым салынған экстремистік іс-әрекетке қатысқаны үшін ресми шара қолданылған әскери қызметкерлердің саны <…> 100 адамнан кем екенін анықтады», — делінген хабарламада.
Мәтінде бірқатар ұсыныстар да бар. Сонымен қатар, ішкі қауіп-қатерлерді талдаудың негізгі бағыттары бойынша қажетті қаржыландыру көлемін нақтылау, әскери және азаматтық қызметкерлерді зарарлы әрекеттермен күресуге даярлаудың кешенді жоспарын әзірлеу, «экстремистік әрекет» ұғымының жаңа анықтамасын және жаңа саясат енгізу жоспарлануда.
Пентагон ішкі қауіп-қатерлерге және бөлімшелердің бірігуіне нұқсан келтіруі мүмкін басқа да әрекеттерге қарсы күресті жалғастырады, делінген құжатта.