Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде жігіттер ғана емес, қыз-келіншектер де радикалданып жатыр — сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін SarapTime пікірталас клубының «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі: терроризм қауіпінен бейбіт әлемге шығатын жол» тақырыбында өткен отырысында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ғылыми әдістемелік және талдау бөлімінің басшысы Тұрар Әбуов 200 маман Ақтөбе облысындағы елді мекендерді аралап, теріс діни ағымға ерген адамдармен жеке-жеке жұмыс істегенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы 200 маманнан құралған топ Ақтөбе облысынлда ер азаматтар ғана емес, ғаламтор мен желі арқылы көп қыз-келіншек радикалданып жатқанын анықтаған. Бірақ, пікірталас клубының отырысында сөз сөйлеген Т.Әбуов өз баяндамасында ондай қыз-келіншектердің саны қанша екенін айтқан жоқ. «Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, 29 қыркүйек пен 29 қазан аралығында Ақтөбе облысында кешенді іс-шара өтіп жатыр.Терроризм мен радикалды ұйымдардың алдын алу мәселелері жөніндегі іс-шаралардың екі аптасы өтіп,  енді екі аптасы қалды. Осы екі аптаның қорытындысына тоқталатын болсам,  200 маман облыс орталығын, шалғай жатқан елді мекендерді түгелдей аралап, көптеген еңбек ұжымдарымен, жастармен, соның ішінде өзекті болып отырған діни ағым жетегінде кеткен адамдармен жекелеген кездесулер өткізді. Әсіресе, Ақтөбе қаласында тек ер азаматтар ғана емес, ғаламтор мен желі арқылы көптеген қыз-келіншектер радикалданып жатқанын тілге тиек етуге болады», — деді Т.Әбуов. Сарапшы жазда Ақтөбе мен Алматы қалаларында болған қанды оқиғалардан кейін бірнеше заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу басталғанын еске салды. «Осы заң бойынша бес кодекс пен 19 заңға өзгерістер енгізу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда кейбір заңнамалар Мәжіліске жіберілді. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылмай тұрып та, дін істері комитеті елдегі экстремизм  мен терроризмнің алдын алу мәселесінде көп жұмыс атқарған.  Соның бір ғана бөлігіне тоқталсам, 2011 жылы қабылданған заңның аясында бүгінгі таңға дейін Қазақстанда дін істері комитеті 29 мыңға жуық діни әдебиетті сараптамадан өткізген. 29 мың әдебиеттің ішінен бес жыл ішінде 670 әдебиетке экстермистік бағыттағы әдебиет деп танылды», — дейді ол.  «Егер халықтың, жастардың ортасында дұрыс діни сана қалыптасса, терроризм мен экстремимзмнің алдын алуға толықтай мүмкіндік бар»,-деді сөзін түйіндей келе Т.Әбуов.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/aktobede-zhigitter-gana-emes-kyz-kelinshekter-de-radikaldanyp-zhatyr-sarapshy_a2957709

[:]

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *