НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан.Ауғанстанның бас қаласы Кабулда Төлқұжат басқармасының алдында жарылыс болды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігіның ресми сайты жазады.
Кабул полициясы ғимарат алдындағы бір көліктің жарылғанын хабарлады.
Оқиғада адам шығыны болмады.
Ішкі істер министрлігі Төлқұжат басқармасына кіруге талпынған бір шабуылдаушының залалсыздандырылғанын білдірді.